«ЛингваКонтакт» аударма
мектебі қалыптасқан кәсіби мамандардың жаңадан бастаған аудармашыларға,
сондай-ақ заманауи тілдік қызметтер нарығында өз дағдыларын жетілдіргісі келетіндердің
барлығына тәжірибе беру орталығы болып табылады. Біз аудармашыны әмбебап және
бірегей тұлға – кең бейінді және терең эрудицияның маманы деп санаймыз.
Аудармашы мамандығының пәнаралық сипаты техникалық,
іскерлік және тілдік дағдыларды белсенді меңгеруді көздейді. Біздің мектеп
тәжірибеге бағытталған, сондықтан біз көп уақытымызды жаттығулар мен мысалдарға арнаймыз. Ал теорияны жақсы меңгеру
үшін біз визуалды форматтарды (презентациялар,
бейнелер, онлайн-трансляциялар) белсенді қолданамыз.
Біздің оқуымыздың сапасын түрлі бейінді және
мамандандырылған оқытушылар қамтамасыз етеді, бірақ олардың барлығын үлкен
жұмыс тәжірибесі, күшті педагогикалық құзыреттіліктер мен аударма ісінің
терең лингвистикалық негіздерін түсіну біріктіреді.